Бердібек Сапарбаев: «Мен ақтөбелік футболды құртқан жоқпын»

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пресс-ланч кезінде ақтөбелік футболдың жағдайы жайлы айтып өтті.

«Бізге жалақысы мол легионерлерден құтылу керек болды. Мен бұл туралы Қазақстанда бірінші болып ашық айттым. Ол жердегі ақша мен нәтижені салыстырыңыз. Жылына 4 млрд бюджеттің ақшасын құртатын команда бүгінгі күні 1 млрд қарызға батып отыр. Бұларға біз 1 тиын да бермейміз. Тағыберген сотта 17 млн тг жалақысын сұрап, сотта жеңіске жетті. Бірақ оған 17 тиын да бермеуі керек.

Балалар және жасөспірімдер футболын дамытуымыз керек. Кейбіреулері: Сапарбаев футболды құртып жатыр, - деп жазыпты. Мен өзіме қас емеспін ғой. Мен осы жерде ең мықты, белсенді жанкүйерлердің бар екенін білемін. Біз футболмен айналысқанбыз, айналыса береміз де. Ақтөбеде футбол болған және болады да. Бірақ біз басқа жолмен жүреміз. Осы жылы біздің нәтиже нашарлау болды. Себебі, өзіміздің дайын футболшыларымыз жоқ.

Маған Васильевті орнынан алып таста деп жазады. Алып тастағанмен не болады? Өткелбаев пен Васильевтың алдында тапсырма бар. Ол тапсырма - алтылыққа кіру. Алтылыққа кіргенде бұл мәселені қарастырамыз. Спорт ең алдымен нәтижеге тәуелді. Логвиенкодан басқа ақтөбелік футболшы болмады. «Диапазонда» ол жақсы сқхбат берген. Ол: Мен патриотпын. егер мені «Ақтөбеге» шақырса, мен қайтып ораламын,- деді. Мен онымен кездескім келеді», - деп Сапарбаевтың сөзін diapazon.kz сайты келтірді.

Облыс басшысы соңғы ойындардағы «Ақтөбенің» сәтсіздігін түсіндірді. Смақов, Давлатов және тағы бірнеше ойыншы жарақат алып, мықты қарсыластарға төтеп бере алмағандығын айтты.

«Маусым аяқталғаннан кейін «Ақтөбе» жаңа ойыншылар алады», - деді әкім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или