Георгас Фрейдгеймас: «Жальгириспен» өткен ойында «Астананың» әлсіз тұстары көрінді»

«Ертіске» маусым соңына дейін жалға берілген «Жальгиристің» қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас ProsportKz.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Георгас, Астанада өткен ойын жайлы пікіріңіз қандай?

- Соңғы минутта жеңілген өте өкінішті әрине. Матчты бірінші минуттан бастап көрдім, өзімді алаңда жүргендей сезіндім. «Жальгириске» келесі кезеңге шығу үшін бір минут жетпеді. Бұған қоса, олар есепте еселейтін бірнеше мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. «Астана» мұндайды кешірмейтін команда.

- 1:1 есебін сақтап қалу үшін «Жальгириске» не жетіспеді?

- Кешегі ойын былтырғы «Астананың» финляндиялық ХИК-ке қарсы матчына ұқсады. Бәлкім, жігіттер босаңсып қалды. Бірақ «Жальгирис» өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланғанда, жеңіске жетер еді.

- Аничичтің екінші голы жайлы не айта аласыз?

- Иә, Литвада бұл гол қолмен соғылды деп ойлайды. Ал Қазақстанда доп алдымен қақпаға кірді дейді. Не болса да, ойынның нәтижесін өзгерте алмайсын.

- «Астана» «Селтиктен» айласын асыра алады ма?

- «Астана» былтыр да әр матч сайын жақсы ойнай бастаған. «Жальгириспен» өткен ойында елордалық клубтың әлсіз тұстары көрінді, бапкерлік құрам қатемен жұмыс істейтіні анық. «Астана» кезекті рет соңғы минуттарда жеңіске жете алатынын көрсетті. Шын жүректен оларды жеңіспен құттықтаймын және келесі кезеңге шығуын тілеймін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или