МЮ Погба үшін 104 миллион еуро ұсынбақ

«Манчестер Юнайтед» туриндік «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны 104 миллион еуроға сатып алмақшы.

Sky басылымына сүйенсек, бүгін қос команданың басшылығы Погбаның трансферіне қатысты кездесу өткізеді.

«Манчестер Юнайтед» франциялық футболшы үшін 104 миллион еуро ұсынуға дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, 2012-ші жылы Погба «қызыл сойқандардан» кетіп, туриндік « Ювентуске» ауысқан болатын. Италия чемпионы сабында өткізген төрт жыл ішінде Поль нағыз футбол жұлдызына айналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или