Мантас Куклис: «Астана» өз алаңында өте жақсы ойнайды»

«Жальгиристің» жартылай қорғаушысы Мантас Куклис ертеңгі «Астанаға» қарсы ойыннан не күтетінін айтты.

- Бірінші ойынның нәтижесі кімге тиімдірек екенін айту қиын. Бір жағынан, біз бір гол соқсақ, «Астанаға» екі доп енгізу қажет болады. Литвадағы ойында есеп ашатын мүмкіндік бізде көбірек болды, есесіне «Астана» допқа көп уақыт иелік етті. Не болса да, елордалық клуб – мықты. Бұған қоса, «Астана» өз алаңында өте жақсы ойнайды. Мұндай командадан өту үшін қателеспеуіміз қажет. Бар күшімізді салып, соңына дейін тырыссақ қана келесі кезеңге шыға аламыз, - деді Куклис Eurofootball.lt порталына.

Естеріңізге сала кетсек, қос команда арасындағы бірінші матч 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или