Станимир Стойлов: «Ертең бізді өте маңызды матч күтіп тұр»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов ертеңгі «Жальгириске» қарсы матч жайлы өз пікірін айтты.

- Ертең бізді өте маңызды матч күтіп тұр. Жігіттер Чемпиондар лигасына сай өнер көрсетсе, онда «Жальгиристі» өтеміз. Литва чемпионы өз алаңында жақсы ойын көрсетті. Қазақстаннан еурокубокта екі команда ғана қалды – біз және «Қайрат». Келесі кезеңге шығу үшін біз бар күшімізді саламыз.

- Литвадағы ойында Мұжықов пен Твумасидің алаңдағы орындары өзгеше болды. Сіз қалай ойлайсыз?

- Ойын ойдағыдай жүрмесе кінәлі бас бапкер. Патрик Жолшиев командаға келмей тұрып төрт жыл бойы сол қапталда ойнаған, ал Мұжықов былтыр Чемпиондар лигасында орталық жартылай қорғаушы амплуасында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или