Григорий Сартаков: «Қайратпен» өткен ойында сәл сәттілік жетіспеді»

«Ертістің» қорғаушысы Григорий Сартаков ProsportKz.kz тілшісіне «Қайратпен» өткен матч жайлы айтып берді.

- Ойыншылар тырысты, екінші таймда есепті теңестіргіміз келді. Бірақ қолымыздан келмеді. Біз мықты командаға қарсы ойнадық.

- «Ертіс» бірінші болып есепті ашты, бірақ бірден өз қақпасына гол жіберіп алды...

- Бірінші гол соққаннан кейін екінші допты енгізетін мүмкіндік болды. Бірақ бұдан нәтиже шығара алмадық. Содан соң өз қақпамызға гол жіберіп алдық.

- Стадион жанкүйерлерге лық толы болды. Бұл жайт сізді таң қалдырды ма?

- Әрине. Жанкүйерлерге толы стадионды көргеніме қуаныштымын. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет. Бірақ осыншама адам «Қайрат» пен «Астанаға» ғана қарсы ойынға емес, барлық матчтарға келсе ғой деген тілек бар.

- Былтыр бірнеше нәтижелі пас бергенсіз, биыл көрсеткішіңіз төмендеген сияқты. Не үшін?

- Жай ғана допта көтере бермей, пасты ойыншының аяғына дәл беруге тырысып жүрмін. Бәлкім, содан шығар.

- Ел чемпионатының бірінші айналымы аяқталуға жақын. «Оқжетпеске» қарсы ойын ғана қалды. Бұл кездесуге дайындықтарыңыз қалай?

- «Оқжетпеске» қарсы ойынға мұқият дайындалудамыз. «Қайратпен» өткен ойында жігіттер барынша тырысты. Сәл сәттілік жетіспеді. Келесі турда да бар күшімізді саламыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или