Роналду алаңға қыркүйекте оралады

«Реал» мен Португалия құрамасының Криштиану Роналду алаңға қыркүйекте оралатын болды.

Тізесін жарақаттап алған жұлдыз футболшы 9 тамызда өтетін «Севильяға» қарсы УЕФА Суперкубогының матчына қатыса алмайтыны хабарланған еді. Бұл уақытқа дейін ол жаттығуға кіріскенімен, өз қалпына қайта оралу үшін тағы бір ай қажет болады.

Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Швейцария - Португалия матчына қатыса алмауы ықтимал. Жарақатынан айыққан соң, алғаш рет алаңға Примераның 3-турында «Реал» - «Осасуна» (11 қыркүйек) ойынында шығуы мүмкін. Испания чемпионатының турларындағы «Реал Сосьедад» (21 тамыз) пен «Сельтаға» (28 тамыз) қарсы ойындарға қатыспайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или