Дмитрий Шомко: «Қазір Қазақстан чемпионатында осал команда жоқ»

Дмитрий Шомко: «Қазір Қазақстан чемпионатында осал команда жоқ»

«Астана» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко KazFootball.kz порталына «Атыраумен» өткен матч жайлы және «Жальгириске» қарсы қарымта кездесуден не күтетінін айтып берді.

- Жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын. «Атырау» — мықты ұжым, жалпы қазір Қазақстан чемпионатында осал команда жоқ. Бұған қоса «мұнайшылар» үздік алтылыққа таласып жатыр, оларға жеңіс ауадай қажет болды.

- Бірінші айналымда «Астана» «Атыраудан» 0:1 есебімен ұтылған болатын. Кешегі ойында жеңіске жету қаншалықты маңызды болды?

- Әрине, жеңіске жету біз үшін маңызды болды. Кеткен есені қайтардық.

- «Астана» «Жальгириспен» өткен бірінші матчта тең түсті. Бар күшті қарымта ойынға сақтап қалдыңыздар ма?

- Сырт алаңда тең түсу - меніңше, жақсы нәтиже. Енді ең бастысы өз алаңымызда жеңуіміз қажет.

- Келесі кезеңге өтіп жатсаңыз «Селтик»-«Линкольн» жұбының жеңімпазымен кездесіз. Бұл туралы ойладыңыз ба?

- Бұл жұптың жеңімпазына қарсы ойнайтынымызды білдім. Бірақ бізге алдымен «Жальгиристі» ұту қажет. Тек содан кейін ғана келесі қарсыласымыз жайлы ойлай бастаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или