Йозеф Вукушич: «Бізде бар мүмкіндікті голға айналдыра алмадық»

Йозеф Вукушич: «Бізде бар мүмкіндікті голға айналдыра алмадық»
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Шахтер&raquo; ФК бас бапкері Йозеф Вукушич&nbsp; &laquo;Ақтөбеге&raquo; қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> - Біз өз ойынымызды ойнадық. Бірінші таймда ойынымыз жаман болмады, қарсыластың айып алаңында мүмкіндіктеріміз, соққыларымыз болды. Бірақ бірінші таймдағы маңызды тұс, &laquo;Ақтөбе&raquo; гол соғып кете алды. Ойыншы қақпаға артымен тұрған. Матчтың шешуші тұсы осы болды. Біз одан кейін де гол соғатын сәттер ұйымдастыра білдік, бірақ қарсылас қорғанысы бекем тұрды. Бізде бар мүмкіндікті біз голға айналдыра алмадық. Екінші таймда басымдықты қолға алғымыз келген. Бірақ біз азуымызды көрсете алмадық. Тек ойын соңында ғана агрессиямен ойнадық, Соңғы 20-25 минуттарда екі шабуылшыға көштік. Гол соққымыз келді, бағанаға тиді. Марко Симомнвич соққы жасаған кез, біздің ең жақсы мүмкіндігіміз еді. Бұл біздің проблемамыз, осы проблемамен неше ойын бойы келе жатырмыз. Голды өте сирек соғамыз. Ойын соңында жас футболшыларды шығардық. Тағы да бірер мүмкіндіктеріміз болды. Біз қарсылас жарты алаңында белсенді ойнадық, ал &laquo;Ақтөбе&raquo; қарымта шабуылға иек артты. &laquo;Ақтөбе&raquo; бүгін жеңді. Олар үшін бүгінгі ойын маңызды еді. Олардың бүгін ойынға тек жеңу үшін ғана шыққандары байқалды.&nbsp;</p> <div> &nbsp;</div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или