Юрий Өткелбаев: «Жігіттер қолдарынан келгенінің бәрін жасады»

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Шахтерге» қарсы ойын туралы өз пікірін айтты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

- Біріншіден, сіздерді бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Жігіттер бүгін қолдарынан келгенінің бәрін жасады. Оларға бір жағынан жауапкершілік те жүк болды деп ойлаймын. Қалай дегенмен, олар бұрын-соңды жүлдеге таласып көрмеген ғой. Сондықтан да оларға психологиялық жауапкершілік, қысым әсер етеді, бірақ олар оны еңсере білді.

- Жалмұқан кеткен соң, ойын өрнегін тез өзгерте алдыңыз ба?

- Дидар дене қыздыруға шыққан кезде-ақ өзін жайсыз сезінді, бірақ бәрін тез арада өзгертуге болмайтын еді, ол шығып көрді. Біз оның ұзаққа шығып қалмауы үшін де тәуекелге бармадық. Біз кімді шығарамыз деп бас қатыратын жағдайда емеспіз. Бізде шығаратын 2-3 ойыншымыз бар. Екінші шабуылшыны шығардық, бірақ ойыншыларым екі шабуылшымен ойынға бірден төселіп кете алмады. Шамалы уақыт ойынды бір жүйеге келтіреміз деп әуреге түстік. Бірақ кейін жеке бастың шеберлігі, әдемі гол, біздің бұл матчтағы жағдайымызды жеңілдетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или