Димитар Димитров: «Ойыншыларға еш өкпем жоқ»

Керекулік «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров алматылық «Қайратпен» (2:3) өткен матч жайлы айтып берді.

- Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Жігіттерге еш өкпем жоқ. Қазір бізде жарақат алған ойыншылар көп. Оны білетін шығарсыздар. Командам соңына дейін ойнады. Бірнеше мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Джаллоуға қарсы ереже бұзылып, бізге пенальти бермеді. Бірге-бір шыққан сәтте футболшыларым мүлт кетті. Бірақ бүгін төрешілер жаман қызмет атқарды деп айта алмаймын. Есесіне басқа ойындарда қазылық ету өте нашар болды. Бұл чемпионатта кімге жақпай қалғанымызды білмеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или