Кахабер Цхададзе: «Ертіс» өте жақсы шабуылдайды»

Кахабер Цхададзе: «Ертіс» өте жақсы шабуылдайды»

«Қайрат» ФК бас бапкері Кахабер Цхададзе павлодарлық «Ертіске» қарсы ойынның нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті.

- Әрине, әр үш күн сайын ауыр матчтар ойнап, тырысып жүрген футболшыларға алғыс айтуымыз қажет. Алаңдар кейде табиғи, кейде жасанды - бұл қатты әсер етеді. Бүгін осындай алаңның кесірінен тағы бір қорғаушымыздан айырылып қалдық. Осындай жүкті көтере алған жігіттерге үлкен алғысымды білдіремін.

Ойынға келер болсақ, матч ауыр болды, «Ертіс» өте жақсы шабуылдайды, әсіресе стандарттық шабуылдардан кейін екніші қабатта жақсы ойнайды. Оларда қорғаныста қиындық болған, біз мұны білдік. Үш гол соқтық, тағы да сала алатын едік, есепте алда болғанда босаңсып қалдық.

Екінші таймда алаңға тың ойыншылар шығып, қойылған тапсырмаларды орындады, қорғаныста сақ ойнады. Қарымта шабуылда жақсырақ ойнап, тағы бір гол соғуға болатын еді. Жалпы, қайталап айта кетейін, мінез көрсеткені үшін футболшыларға алғыс білдіремін.

- «Ертісті» есепті теңестіріп тастаса, алаңға Гоу шығар ма еді?

- Жоқ, Гоу мен Исаэлді шығарғымыз келмеді, себебі денсаулығында кішкентай қиындықтар болған, тәуекелге барғымыз келмеді. Жасанды алаңдар бұлшық еттерді қажытып тастайды. Жоспарымызда Гоу мен Исаэлді шығару болмаған, бұл қажет болмады да. Осындай оймен Плотников пен Тимощук те үйде қалды. «Маккабидің» алдында күшімізді сақтап қалғымыз келді, бірақ біз үшін әр ойын алтынмен тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или