Брендан Роджерс: «Астана» немесе «Жальгирис»? Алдымен «Линкольнды» ұтып алайық»

«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс Sky Sports басылымына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жайлы айтып берді.

«Қазір бар ойымыз – «Линкольнға» қарсы қарымта матчта. Бұл ойынға тыңғылықты дайындалып, келесі кезеңге өтуіміз қажет. «Астана» немесе «Жальгирис» дейсіз бе? Алдымен «Линкольнды» ұтып алайық», - деді Роджерс.

Естеріңізге сала кетсек, Шотландия чемпионы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңнің бірінші кездесуінде гибралтарлық «Линкольннан» 1:0 есебімен жеңілген болатын. Қарымта ойын шілденің 20-ы, Глазго қаласында өтеді.

Аталмыш ойынның жеңімпазы келесі айналымда «Астана»/ «Жальгирис» жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или