«Ақтөбе» өз алаңында «Шахтерден» басым түсті

«Ақтөбе»  өз алаңында «Шахтерден» басым түсті
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Ақтөбе&raquo; ел чемпионатының 21-турында &laquo;Шахтерден&raquo; басым түсті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Ойын екі команданың да шабуылымен басталған болатын. Бірақ пас берудегі қателік ойындағы есептің ашылуына жол бермеді. 22-минутта ақтөбеліктердің шабуылшысы Дао қақпа алдында өзінен асыра қайшылай теуіп, қақпашыны қапы қалдырды. Ойынның 58-минутында ақтөбеліктер бұрыштама добын орындады. Бұрыштан келген доп айып алаңында ешкімнің аяғына тимей, тура Щеткинге жеткен болатын. Щеткин қақпадан екі метр жерден гол соқты. Есеп - 2:0.</p> <p style="text-align: justify;"> Қонақтар есеп айырмасын қысқартуға барынша тырысқан болатын. Симоновский Отарбаев қорғаған қақпаға бірнеше рет соққы бағыттап көрді. Бірақ одан нәтиже шыға қоймады. Ақтөбеліктер 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или