Тақтан таймайтын Васильев. «Сасқан үйрек артымен де жүзеді»

Биылғы маусым «Ақтөбе» жанкүйерлері үшін қорқынышты түс іспетті. Команданың жағдайы айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда кез келген ақтөбелік жанкүйердің басты проблемасы - клубтың бас директоры Дмитрий Васильев.

Соңғы уақыттары пентакомпеондардың айналасында шу шығып жатыр. Оған себеп – команданың директоры. Ресейлік маманның пайымдауынша, айналадағылардың бәрі сатқын. Жанкүйерлер де, төрешілер де, әсіресе журналистер. Өзі ғана «періште»-міс. Барлығын орын-орнымен баяндасақ...

Жалпы, Дмитрий Васильев деген кім? Бұл кісі туралы мәліметтерді ғаламтордан табу қиын, ақпарат аз. Ресейде экономика, кейін заң факультетінде тәлім алыпты. Төрт тілде еркін сөйлейді. Ресейде жүріп, бірнеше футбол клубында тер төгіпті. Мәскеулік «Динамо», «Москва», екатеринборлық «Урал», «Ростов», «Крылья Советов» және «Тюмень» клубтарында басшылық қызметте болды. Сондай-ақ, молдовалық «Политехникада» қожайындардың бірі болып, вице-президент рөлін атқарыпты. Былтыр Ресейдің Ұлттық Футбол Лигасында (екінші дивизион) президенттікке өз кандидатурасын ұсынған екен.

Ресейлік белгілі маркетолог Антон Копышев Васильевтің «Ақтөбе» ФК директоры болып тағайындалуына қатысты өз ойын ирониямен жеткізген еді: «Қызықтың көкесі деп осыны айт! Ақтөбе қарық болған екен!».

Ресейде біраз шу шығарған Васильев былтыр Қазақстанға ат басын бұрған. «Жетісу» Дмитрий Пантелеевичті қай жетістігі үшін шақырғаны белгісіз, әйтеуір былтыр 28 мамырда Васильев талдықорғандық ұжымның директоры болып тағайындалды. Аз уақыттан кейін ол клубпен келісім-шартын бұзды. Бірақ Қазақстанда ол екі апта ғана жұмыссыз жүрді. 16 қазанда ресейлік маман Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері атанды. Жаңа қызметте екі «тер төгіп», желтоқсанның басында «Ақтөбенің» бас директоры болып тағайындалды.

Дмитрий Пантелеевичтің басты жауы - журналистер. Әйтеуір, БАҚ өкілдерімен басы бір қазанға симайды. Оның кез келген сұхбаты, баспасөз-мәслихаты жанжалмен аяқталады. Васильев әпенді «Ақтөбенің» ойындарына билет бағасын қымбаттатып жіберуі жанкүйерлердің наразылығын тудырған. «Ақтөбе» жеңіліп қалса төрешілерді кінәлайтын директор өзіне шаң жуытпайды.

«Еуропа лигасында венгриялық «МТК-дан» өте алмасақ, жұмыстам кетемін» деп уәде берген Васильев сөзінен тайды. Жалпы, журналистер мен ресейлік мамандар Дмитрий Пантелеевті есі дұрыс емес адам деп санайды. Мүмкін, артық кеткен шығар. Бірақ көптің оған қойған бағасы мынадай: ақылға қонымсыз сөйлеу, өз әріптестерінің намысына тию, айқайлау, қызбалық, менмендік, пәрмендік таныту.

Қазір «Ақтөбенің» бас директоры алғашқы алтылыққа енеміз деп тыраштануда. Бұл тапсырманы орындай ала ма, жоқ па, келесі аптада білеміз. Не дегенмен, «қылықты» басшының әр сөзі мен қадамы ерекше, көңілге оптимизм ұялатады. Сондықтан шыдамды ақтөбелік жанкүйерлер одан әлі де нәтиже күтетін сияқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или