Н'Голо Канте «Челсиға» ауысты

Н'Голо Канте осы трансферлік ауысым кезіндегі команда сабына қосылған екінші футболшы деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Бес жылдық келісім шартқа отырғаннан кейін футболшы Еуропаның ірі клубтарының біріне ауысқанына қуанышты екенін айтты.

«Менің арманым орындалды. Енді мен Еуропаның ірі клубтарының бірінде ойнайтын боламын. Антонио Контемен бірге жұмыс жасау мүмкіндігі бұйырып тұрғанда бұл келісім шарттан бас тарту мүмкін емес еді. Менің Англиядағы бірінші маусымым мен үшін ерекше өтті. Енді мен сол нәтижені лондондық команда сабында қайталағым келеді. Жаңа командаластарыммен бірге жаттығуды асыға күтемін және клубтың жетістікке жетуі үшін барымды саламын», - деді Канте клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Клубтың техникалық директоры Эменало Кантенің команда үшін маңызды ойыншысы болатынын айтып өтті.

Айта кету керек, Н'Голо Канте осыған дейін «Лестер сити» командасында бір маусым ойнап, ағылшын Примьер-Лигасының жеңімпазы атанған болатын. Сонымен қатар, Франция құрамасымен бірге ЕУРО-2016 финалына шығып, күміс жүлдегер атанған. Ойыншының «Челсиге» ауысу бағасы 32 млн фунт стерлингті құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или