«Ақтөбе» өзінің футзал клубын ашты

«Ақтөбе» ФК қазақстандық клубтардың ішінде бірінші болып өз құрылымына қарайтын футзал командасын ашты.

«Ақтөбенің» мини-футбол командасы футзалдан ел біріншілігіне қатысып жүрген «Інжу» ойыншыларынан құралған. Енді «Інжудің» орнына «Ақтөбе» МФК өнер көрсететін болады. Бұл мини-футбол клубы билет сатылымымен және демеушілердің көмегімен қаржыландырылады. Жаңа команданың 90% ойыншыларын «Ақтөбе» ФК түлектері құрайды. Сондай-ақ, бұл клубтың жастар және жасөспірімдер командасы болмақ - U-21, U-15 және U-10.

«Ақтөбе» МФК алдында ел чемпионатында үздік үштікке ену мақсаты тұр.

Естеріңізге сала кетсек, ҚФФ талаптарына сай, 2018 жылдан бастап Премьер-лиганың барлық клубына өзінің мини-клубын ашу қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или