Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Украина құрамасының бұрыңғы шабуылшысы Андрей Шевченко ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Украина футбол Федерациясының ресми сайты мәлімдеді.

Айта кету керек, 39 жастағы маманмен келісім шарт 2 жылға жасалған және келісім мерзімі аяқталғаннан  кейін тағы екі жылға созу мүмкіндігі бар. Шевченконың бапкерлер құрамына италиялық Мауро Тасотти мен Андреа Малдера және испандық Рауль Рианчо кіреді. Соңғысы «Динамо» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған (2014-2016).

Естеріңізге сала кетейік, ЕУРО-2016 кезіндегі сәтсіздіктен кейін құраманың бұрыңғы бас бапкері Михаил Фоменко қызметінен кеткен болатын.

Шевченко ұлттық құрама сабында 111 ойын өткізіп, 48 гол соққан. 2006 жылы Шевченко ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионатының ¼ финалына жеткен болатын.

2004 жылы Андрей Шевченко «Алтын доптың» иегері атанды. Спорттық мансабында киевтік «Динамо»,  италиялық «Милан» мен лондондық «Челси» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или