Анатолий Тимощук: «Қарымта кездесу өте ауыр болмақ»

Анатолий Тимощук: «Қарымта кездесу өте ауыр болмақ»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук «Маккабимен» өткен матч жайлы өз пікірін айтты.

- Матчты жақсы бастадық. Бірінші таймда гол соқтық. Екінші кезеңде қонақтар ойын тізгінін өз қолында ұстады. Өкінішке қарай, матч соңында босаңсып, гол жіберіп алдық. Енді қарымта кездесуде міндетті түрде гол соғу қажет.

- Сүйімбаевтың голы не үшін есептелмеді?

- Бас төреші Исламханның ереже бұзғанын айтты. Бірақ соған ұқсас жағдай маған қарсы орталық шепте де болды. Ол кезде бас қазы үндемеді. Ал мұнда Исламханға бірден қызыл қағаз көрсетті. Енді қарымта кездесуге жетекші ойыншысыз барамыз. Израильдегі матч бұдан да ауыр болмақ.

- «Қайрат» қазір әр үш-төрт күн сайын ел чемпионаты мен еурокубоктарда кездесу өткізуде. Ауыр емес пе?

- Кәсіпқой футболшы болған соң біз әр ойынға тыңғылықты дайындаламыз. Біздің бас бапкер құраманы жиі өзгертіп, шаршаған ойыншыларға демалыс беруде. Қазақстан чемпоинатында біз жаман алаңдарда жиі ойнаймыз. Мәселен, келесі матчта біз көшбасшы командаға қарсы жасаңды алаңда ойнаймыз. Ал Еуропа лигасындағы қарсыламыз өте мықты ұжым. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Менің ойымша, қарымта кездесу өте қызық болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или