Расул Оразғұлов - «Ертістің» жаңа президенті

Расул Оразғұлов - «Ертістің» жаңа президенті

«Ертіс» футбол клубының жаңа президенті қызметіне Расул Оразғұлов тағайындалды.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа басшыны керекулік клубтың футболшыларымен болған кездесуінде таңыстырды.

- Павлодарда футбол өте қарқынды дамып келеді. Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар атқарылуда. Футболшыларға жаңа база салынған болатын. Өкінішке қарай, соңғы кездері ойыншыларымыз әдемі ойынымен жанкүйерлерді қуанта алмауда. Бірақ, қазір біз үздік үштікке іліндік. Енді, еурокубоктарға жолдама беретін орынымызды сақтап, жүлделі орынға таласуымыз қажет, - деді Болат Бақауов.

Естеріңізге сала кетсек, Расул Оразғұлов Қабдұлұлы 1974-ші жылы, 24 қаңтар күні, Павлодар облысының Комаровка селосында дүниеге келген. Қазіргі таңда, Оразғұлов мырза Павлодар облысының әкімшілігінде қызмет атқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или