Исламбек Қуат: «Цхададзе еш өкінбей келесі ойынға дайындалуға нұсқау берді»

«Қайрат» футбол клубының хавбегі «Маккабиге» қарсы өткен ойын туралы айтып берді.

- Кездесу өте ауыр болды. Қарсылас команда мықты. Бірінші таймда гол соқтық, бірақ есепті соңына дейін сақтай алмадық.

- Бұл ойында Андрей Аршавинді алмастырдыңыз, «Тобылға» қарсы матчта оң қанаттағы қорғаушы рөлін атқардыңыз. Өзіңізге қай позиция ыңғайлы?

- Алаңның кез келген жерінде ойнай аламын. Бапкер қай позицияға қойса, сол аймаққа жауап беруге тиіспін.

- Төрешілік жайында пікіріңіз қандай?

- Ештеңе айта алмаймын. Өздеріңіз көрдіңіздер.

- Ауа райы қолайсыздық тудырды ма?

- Екі команданың жағдайы бірдей болды. Жеңуге тиіс едік.

- Кахабер Цхададзе ойыннан кейін не деді?

- Еш өкінбей келесі ойынға дайындалуға нұсқау берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или