Аршавин-Бенаюн - 1:1

Аршавин-Бенаюн - 1:1

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» пен израилдық «Маккаби» кездесу өткізген болатын. Алматылық ұжым соңғы минутта қақпасына гол жіберіп, жеңісті уыстан жіберіп алды.

Алаң иелері бірінші минуттан допқа иелік етіп, шабуыл ұйымдастырмақ болған. алайда қонақтардың сауатты қорғанысы алматылықтардың жылдам гол соғуына кедергі болды. 8-минутта Жерар Гоу қақпаны дәл көздеген болатын. Бірақ қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, шабуылшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Гол саналмады.

Алматылықтардың толассыз шабуылынан кейін қонақтар өзіне келіп, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. 20-минутта Носа игиебор орталық қорғаушылардан сытылып шығып, көтерілген допты баспен ұрған болатын. Плотников орнында. 22-минутта, тағы сол, Игиебор сол қанаттан көтерген допқа бірінші жетіп, баспен соққы бағыттады. Осы жолғы соққыны Плотников әзер ұстады.

29-минутта Жакро Маркович Жерар Гоуға доп жеткізіп, тиісінше Гоу допты Аршавинге қалдырды. Келген допты бірден қақпаға тепкен Аршавин допты қақпада тулатты. Есеп 1:0.

67-минутта Исаэль қақпашымен бірге-бір шығып, қақпаға дәл соққы бағыттай алмады. Ойынның соңғы он минутында израилдық  команда шабуылдарын үдеткен болатын. Қонақтардың еңбегі еш кетпеді.  Ойынға қосалқы құрамнан қосылған Йосси Бенаюн есепті теңестіріп кетті. Есеп: 1:1.

Ойын соңында Исламхан қызыл қағаз алып, команданы 10 ойыншымен қалдырған болатын. Есеп өзгеріссіз қалды. 1:1.

Голдар: 29' Андрей Аршавин, 90+1' Йосси Бенаюн

Сары қағаз: 55' Галь Аберман (Маккаби),     59' Жарко Маркович (Қайрат)

Қызыл қағаз: 90+' Бауыржан Исламхан(Қайрат)

Алмасқан ойыншылар: 72' Иосси Бенаюн (Таль Бен Хаим), 73' Исламбек Қуат (Андрей Аршавин),  82' Гаэль Тавамба (Жерар Гоу), 84'  Барак Ицхаки (Носа Игиебор)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или