Кахабер Цхададзе: «Аршавин қалжыңдап, мені Венгермен салыстырды»

Кахабер Цхададзе: «Аршавин қалжыңдап, мені Венгермен салыстырды»

«Қайрат» ФК бас бапкері грузиялық «Лело» спорт газетіне сұхбат берді.

Алматылық клубтың баспасөз-қызметі грузиялық журналистің Кахабер Цхададземен болған сұхбатының аудармасын ұсынды.

- Сәл артқа оралып, сіз Гриорги Чихрадземен бірге «Қайратқа» келген сәтіңізді еске алайық. Ол кезде команданың жағдайы қиын болатын. Аз уақыт ішінде жағдайды қалай өзгерте алдыңыздар?

- Ең бірінші матчта жеңіске жеткен болатынбыз, кейін жеңіліп қалдық. Содан кейін ірі есеппен бірнеше матчта жеңіске жетті, артынша «Астана» өте өкініші ұпай жоғалттық. Егер статистикаға қарайтын болсақ, соңғы 14 матчта біз 12 ойында жеңіске жетіп, тағы екеуінде тең тарқастық. Нәтиже жаман емес, бірақ біз әлі де дами түскіміз келеді. Басында ойыншыларға біздің талапты түсіну үшін уақыт қажет болды.

Мұнда жұмыс жасаудың тамаша жағдайы жасалған, қашан да клубтың басшылығы қолдау көрсетіп отырады, бұл тек қаржылық тұрғыда емес. Бізде айығу құрылғылары, жаттығу құрылғылары бар, бізде футбол құрылғысына қажеттінің барлығы да бар.

Гиоргимен екеуіміз өзімізді жақсы сезінеміз. Жанкүйерлеріміз тамаша қолдау көрсетеді, «Теутаға» қарсы ойында 20 мыңға жуық адам болды.

- Матчтардың бірінде сізге грузия тілінде алғыс айтылған бір баннер болған екен - тамаша әсерде болған шығарсыз.

- Бұл өте әдемі сый болды. Осы жақта бірнеше ай бойы жұмыс жасап келемін және алматылықтар тарапынан жылы лебізді сезініп жүрмін. Осындай ұлы адамдарға алғысымды айтқым келеді.

- Чемпионатта «Қайраттың» қарқыны өте мықты болып тұр. Чемпиондық туралы ойлайтын шығарсыздар?

- Шынымды айтсам, жұмысты бастап жатқанда, біздің мақсатымыз ойынды түзеу болатын. Сол кезде алғашы алтылыққа ену тұрғысында ешқандай қиындықтың болмағанын қаладым. Мені танитын адамдар айтып жатады, мен табиғатым бойынша максималист адаммын. Біз әлі де болса «Астанадан» қалып келе жатырмыз, бірақ чемпионат әлі ұзақ, сондықтан бәрін алаңда дәлелдейміз.

Айта кетейін, «Астана» - өте мықты команда. Біз Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогына таласып жатырмыз, мұнда біз жартылай финалға жеттік. Күнтізбе өте тығыз, босаңсуға да уақыт жоқ.

- Еурокубокқа ауыссақ. Басшылық топтық кезеңге өтуді мақсат қылып отырған шығар?

- Иә, біздің мақсатымыз осы. Екінші іріктеу кезеңінде Арвеладзенің «Маккабиі» түсті. Менің ойымша, осы жұптық жеңімпазында топтық кезеңге өтетін мүмкіндік бар.

- Арвеладземен турнирдің осындай кезеңінде кездескіңіз келмеген шығар?

- Расымен де, келмеді, бірақ мойындауымыз керек - жеребе солай көрсетті. Шотамен топтық кезеңде кездескенді қалар едім, бірақ... Білесіз бе, Арвеладзе екеуіміз доспыз, тіпті, бауырмыз, бірақ бірінші кезекте біз - кәсіпқой мамандармыз. Екі матчтық жекпе-жек қызыққа толы болмақ.

- Қазақстан чемпионатында грузиялық ойыншылар пайда болып жатыр. «Қайратқа» грузиялық футболшыларды шақырмайсыз ба?

- Осында өнер көрсетіп жатқан грузиялық футболшыларға сәттілік тілегім келеді. Гогита Гогуа өз командасында көшбасшылардың бірі, оны басылымдар жиі мақтап жатады. Ал «Қайратқа» келер болсақ, Қазақстанда легионерлерге қойылған лимит бар. Осының кесірінен өз құрамасында өнер көрсететін өте мықты қорғаушы командадан кетіруге тура келді, оның орнына орталық қорғаушы алдық. Дәл қазіргі уақытта грузиялық футболшыларды шақыру жоспарда жоқ.

- «Қайраттың» екі жұлдызы туралы да сұрағымыз бар. Тимощукпен бәрі белгілі, бірақ Аршавин команданың қызығушылық алға қойып, алаңда жанын салып ойнауына қалай қол жеткіздіңіз?

- Бұл екі футболшы да команда үшін бар күшін салып жатыр. Біз тығыз жұмыс жасап жатырмыз, бірақ Тимощукпен бірден тіл табысып кеттім. Ол туралы бір нәрсе айту қажет болса, бір ғана сөз жеткілікті - тамаша! Аршавин туралы да осылай айта аламын. Бұл екі ойыншының тәжірибесі өте көп, бұл командаға үлкен әсер етеді. Олардың жұмысына көңіліміз толады.

Айтпақшы, «Теутаға» қарсы ойыннан кейін Аршавин қалжыңдап, мені Венгермен салыстырды. Мен «Неге?» деп сұрап едім, ол «Венгер де мені 70-минуттарда ауыстырып тастайтын» деп жауап берді.

- ЕУРО-2016 туралы не айта аласыз?

- Біз қатаң қойылған тәртіп және дұрыс ойын команданы жетістікке алып келетінін бәріміз көрдік. Плэй-оффқа біз күтпеген командалар шығып кетті.

Мен айтқан тәртіп мен ойынның арқасында Грузия құрамасы Шотландия командасын жеңіп, Германияға қарсы ойында жақсы өнер көрсетті. 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе жасалған соң, Грзия әлем чемпионатының негізгі кезеңіне таласатыны хабарланды.

- Грузия командасынан кеткеннен бері оларға қандай баға бере аласыз және жаңа бас бапкер Владимир Вайсс туралы не айтасыз?

- Маған осындай бір салыстырулар жасаған қолайсыз. Мен бапкер Владимир Вайссты құрметтеймін деп жазып қойсаңыз болады.

Мен грузиялық құрама мен ойыншыларын жақсы көремін. Менің тарапымнан салыстырулар мен баға қою дұрыс болмайды. Осылай тіке жазып қойсаңыз болады: мен Вайссқа үлкен құрметпен қараймын, ол мықты бапкер. Мен Грузия құрамасын жақсы көремін, оның ойыншыларын жақсы көремін. Грузиялық жанкүйерлердің алдында арым таза.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или