Сесар Арзо: «Бізді ауыр кездесу күтіп тұр»

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сесар Арзо Израиль басылымдарына «Маккабиге» қарсы матч жайлы айтып берді.

— Осыдан бірнеше жыл бұрын «Бейтар» сабында ойнағанымда «Маккабиді» жеңіп кеткен болатынбыз. Жеңісті гол соңғы минуттарда соғылған еді.

— «Қайрат» үшін қандай нәтиже қолайлы?

— Ең бастысы, өз алаңымызда гол жібермеу. «Маккабидің» шабуылшылары мықты.

— Сіз бірнеше жыл бұрын «Маккабиге» қарсы ойнадыңыз, сол кездесулер есіңізді ме?

— Ол «Маккаби» мықтырақ болатын. Онда олардың сабында Эран Захави деген керемет шабуылшы ойнаған. Қазір ол «Маккабиде» өнер көрсетпейді.

— Өз әріптестеріңізге немесе бапкерлеріңізге «Маккаби» жайлы қандай кеңес берер едіңіз?

— Мен айта алмаймын, себебі бұны бәрі оқиды ғой. Жалпы, «Маккаби» өте мықты ойыншылардан жасақталған. Бізді өте ауыр кездесу күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или