«Астана» іріктеу кезеңінде алты матч бойы жеңілмей келеді

«Астана» іріктеу кезеңінде алты матч бойы жеңілмей келеді

«Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде қатарынан алты матч бойы жеңілмей келеді.

Іріктеуде елордалық команда соңғы рет былтыр 14 шілдеде словениялық «Морибордан» жеңіліп қалған болатын. Сол матчтан кейін елордалықтардың жеңіліссіз сериясы басталды. Қарымта кездесуде «Мориборды» 3:1 есебімен жеңсе, кейін финндік ХИК-пен тең түсіп, артынша жеңіске жетті - 0:0 және 4:3. Төртінші іріктеу кезеңінде кипрлік АПЭОЛ-мен кездесіп, екі ойында да жеңілген жоқ - 1:0 және 1:1.

Ал енді кеше литвалық «Жальгириспен» тең тарқасып, іріктеу кезеңіндегі жеңіліссіз сериясын алты ойынға дейін жеткізді.

Айта кетейік, «Астана» мен «Жальгирис» арасындағы қарымта кездесу 20 шілдеде «Астана Аренада» өтеді. Басталуы - 20:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или