«Астана» Чемпиондар лигасын тең ойынмен бастады

«Астана» Чемпиондар лигасын тең ойынмен бастады

Елордалық «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде алғашқы матчын өткізді.

Литваның Вильнюс қаласында өткен «Жальгирис» пен «Астана» матчында командалар тең тарқасты. Кездесудің алғашқы таймында командалар шабуылға бар күшін салмай, бір-бірін барлаумен болды. Нәтижесінде жанкүйерлер қауіпті шабуылдарды көп көре алмады.

Үзілістен кейін қос клуб та белсенділік танытқанымен, ойында есеп ашылмады. «Астана» сабынан Таңат Нөсербаев, Серікжан Мұжықов және Патрик Твумаси алыстан қауіпті соққылар жасап көрген. Бірінде доп қиыс кетіп жатса, екіншісін алаң иелерінің қақпашысы алып шықты. Ойынның соңына таман «Жальгирис» ойыншылары есепті ашуға жақын болған. Алғашқысында доп Эрич қақпасының бағанасына тисе, 87-минутта қарымта шабуыл кезінде литвалық екі футболшы біздің қақпашымен жеке қалған болатын. Бірақ елордалық Ненад Эрич өз командасын құтқарып қалды.

Осылайша, «Астана» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында тең түсті. Енді келесі аптада «Астана Аренада» қарымта кездесу өтеді.

«Жальгирис» - «Астана» 0:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или