Сейілда Байшақов: «Жаттығуда табандылық танытып, көздеген мақсатқа ұмтылу қажет»

Бір айдан кейін елімізде футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Президенті Кубогы басталады.

Биыл халықаралық турнир алғаш рет Шымкентте өтеді. 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге дайындықты бастап кетті. Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақовпен дайындықтың қалай өтіп жатқаны жөнінде әңгімелестік.

- Сейілда Икрамұлы, турнирге дайындық қалай өтуде?

Биыл турнир алғаш рет Шымкентте өтеді және 8 команда қатысады. Олар Қазақстан Президенті Кубогының жүлдесіне таласады. Ұйымдастыру жағынан барлығын ескереміз. Турнирдің жүлде қоры да қомақты. Қатысушылар үшін бұл жарыс нағыз мерекеге айналады деп ойлаймын.

- Сіздің ойыңыз бойынша, бұл жарыс біздің футболшыларға қандай пайда тигізеді?

Жас футболшыларға халықаралық тәжірибе өте қажет. Олар мықты командалармен ойнау арқылы шеберлігін шыңдайды. Сонымен қатар, біздің команда үшін бұл турнир жасөспірімдер арасында 2017 жылғы Еуропа Чемпмионатының іріктеу кезеңіне дайындық болмақ. Құрлықтың іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының қарсыластары - Ирландия, Грекия және Андорра.

- Сіз 17 жасыңызда жамбылдық «Алатау» командасында ойнадыңыз. Жас футболшыларға айтар тілегіңіз бар ма?

Әрине, қазіргі уақыт пен кеңес уақытын салыстыруға келмейді. Ол кезде Испания, Сербия және Голландия сынды мықты командалармен ойнау мүмкіндігі болмады. Қазіргі таңда жас футболшылардың деңгейлерін жетілдіріп, өздерін көрсету үшін барлық мүмкіндік жасалған. Тек жаттығуда табандылық танытып, көздеген мақсатқа ұмтылу қажет. Ал, нәтиже өзін көп күттірмейді.

ҚФФ ресми сайтынан алынды*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или