Аслан Дарабаев: «Қайрат»-«Маккаби» матчының тағдыры Алматыда шешіледі»

Аслан Дарабаев: «Қайрат»-«Маккаби» матчының тағдыры Алматыда шешіледі»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев «Тобылмен» өткен кездесу жайлы және «Маккаби» туралы не ойлайтынын айтып берді.

- «Тобылмен» өткен кездесуде ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Бірінші таймда баяу қимылдадық, соның кесірінен гол соға алмадық. Бұған себеп, ойындардың жиі өтуі шығар. Есесіне, екінші кезеңде тезірек қимылдай бастадық. Өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, жеңіске жеттік. Ең бастысы - қолайлы нәтижеге қол жеткіздік. Ел чемпионаты мен Еуропа лигасында біз өз алдымызға тек жоғары мақсат қоямыз.

- «Қайрат» жеңіске жеткенімен «Тобылдан» екі гол жіберіп алды...

- Мұқият ойнамадық, содан екі гол жіберіп алдық. Жігіттер шаршап қалды. Бірақ не болса да, үш ұпай еншіледік. Ал бұл ойындағы қателіктерді әлі де зерттейміз.

- Еуропа лигасының келесі кезеңіндегі қарсыласыңыз жайлы не айта аласыз?

- Израильдік клуб - өте мықты ұжым. Олардың командасында Йосси Бенаюн мен Таль Бен-Хаим сияқты белгілі футболшылар ойнайды. Бірақ соған қарамастан, біз «Маккабиден» өте аламыз. Ол үшін бізге өз алаңымызда бар күшімізді салып, жақсы нәтиже көрсету керек. Бұл ойынның тағдыры Алматыда шешіледі деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или