Юрий Өткелбаев: «Матчты толығымен бір құраммен ойнап шықтық»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Атырауға» қарсы матчтан кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз-қызметі.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Қиын ойын болды! Бүгін өз жігіттеріме алғыс айтқым келеді, олар араға екі күн салып ойнап жатыр, оның үстіне ұшып-қонулар жиілеп кетті. Түгелдей бір ойынды бір құраммен ойнап шықты. Олардың күштері де жетті, мінез көрсете білді. Жақсы гол соға алдық, тіпті соңында жеңісті жұлып алатын мүмкіндік те болып еді. Бірақ тең есепке қос команда да лайықты болды ғой деп ойлаймын, екі команда да қақпасын тас қылып ұстауға көбірек көңіл бөлді. Бір қателіктің салдары ауыр болатыны түсінікті ғой. Тең есеп тіркелді, екі команда да жеңіске жететіндей мүмкіндік жасады. Бұл есеп турнирлік кестеге қалай әсер ететінін білмеймін, бірақ қос команда да тең ойнады», - деді маман. </p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или