Португалия - Еуропа чемпионы

Португалия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатында топ жарды.

Топтық кезеңнен шығудың өзі мұң болып тұрған португалиялықтар ақыры финалға жетіп, ақтық сында турнир қожайындары Франция құрамасын ұтты.

Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмай, командалар тең тарқасты - 0:0. Ал овертаймда ойынға тыңнан қосылған Эдер алыстан соққы бағыттап, матчтағы жалғыз голды соқты. Айта кетейік, португалиялықтардың капитаны Криштиану Роналду ойынның басында тізесін жарақаттап алып, кездесуді ерте аяқтады.

Бір қызығы, Еуропа чемпионы атану үшін Португалияға негізгі уақытта бір ғана матчта жеңіске жету жеткілікті болды. Команда топтық кезеңнің үш матчында да тең тарқасып, плэй-оффтағы төрт ойынның үшеуін овертаймға дейін жеткізді.

Португалия - Франция

Гол: Эдер 109

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или