Асхат Тағыберген: «Чемпиондар лигасындағы былтырғы жетістігімізді қайталағымыз келеді»

«Астананың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Kazfootball.kz порталына «Ақжайықпен» (5:1) өткен матч жайлы және Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтып берді.

— Өте қызық кездесу болды деп ойлаймын. Қазір ел чемпионатында осал команда жоқ. Өз мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдаланып, жеңіске жете алдық.

— Кеше «Астана» сабында гол соқтыңыз. Жалпы, биылғы маусым сіз үшін қалай өтуде?

— Әрине, алаңға жиі шығып жүрмін деп айта алмаймын. Бірақ мен бас бапкердің әр шешімін құрметтеймін, өзіме берілген мүмкіндікті пайдалануға тырысамын.

— Чемпиондар лигасы жақындап келеді. Бұл турнирге дайындалып жатсыздар ма?

— Иә, әрине. Маусым бойы біз Чемпиондар лигасына дайындалдық. Былтырғы жетістігімізді қайталағымыз келеді. Бұл - ерекше жарыс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или