Еуроның финалын астаналықтар үлкен экраннан тамашалайды

Шілденің 10-ынан 11-іне қараған түні Португалия мен Франция арасында өтетін ЕУРО-2016 ақтық ойыны Астанада үлкен экранда көрсетіледі.

1. «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында (Қонаев к-сі, 4, кіру – Нұржол желегі жағынан) көрсетіледі. Жанкүйерлерден матчқа алдынала келуді сұраймыз. Залдың есігі 00:00-де ашылады. Кіру тегін. Матчтың комментаторы - Евгений Акманов. Трансляция Dolby Surround дыбысымен HD форматында өтеді.

2. «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығы мен «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің арасында Нұржол желегінде орналасқан Led-экраннан көрсетіледі. Бұл жаңа Led-экран, кездесу алғаш рет трансляцияланатын болады. Экранның биіктігі – 11 метр, ұзындығы – 17 метр. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін сауда палаткалары орнатылды. Көрсетілім барысында «Көрме» орталығынан «Керуен» СОО-на дейін Нұржол желегінің бойы жабылады.

Трансляция сағат 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или