Анатолий Тимощук: «Теутаға» еш мүмкіндік бермедік»

Анатолий Тимощук: «Теутаға» еш мүмкіндік бермедік»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук prosportkz.kz тілшісіне «Теутамен» өткен матч жайлы айтып берді.

- «Теутамен» өткен матч жайлы айтып берсеңіз?

- Әдемі ойын көрсетіп, 5:0 есебімен жеңдік. Жанкүйерлерге бұл ойын ұнады деп ойлаймын. Қарсылас команданың бапкері кездесу алдында біз жеңіс үшін келдік деген болатын. Бұл сөздерден кейін одан әрі намысқа тырысып, «Теутаға» еш мүмкіндік бермедік. Өкініштісі, гол соғатын көп мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Бұл тұрғыда әлі де еңбек ету керек.

- Қарсылас команда өз ойынымен таң қалдыра алды ма?

- Жоқ. Бірінші кездесумен салыстырғанда олар өзгеріс енгізген жоқ. Албаниялықтардың матч барысында гол соғатын бір-ақ қана мүмкіндігі болды. «Қайрат» екі ойында да әділетті жеңіске қол жеткізді.

- Келесі қарсыласыңыз «Маккаби» туралы не айта аласыз?

- Оларды зерттейміз. «Маккаби» мықты ойыншылардан жасақталған команда. Бұл ұжым үнемі ел чемпионатында «алтынға» таласады, сондай-ақ Чемпиондар лигасында жиі ойнайды. Бірақ қазір бар ойымыз чемпионатта. Келесі кезеңге өттік, енді бұл ойынды ұмытып, келесі матчтарға дайындалу қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или