«Қайрат» «Теутаны» тас-талқан етті

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Халық командасы бірінші матчта сырт алаңда «Теутаны» 1:0 есебімен жеңіп, қарымта ойынның алдында үлкен басымдыққа ие болған. Алматыда өткен кездесуде жанкүйерлер алматылықтардың жауапсыз бес голын көрді.

27-минутта Жерар Гоу алаң иелерін алға шығарды. Тайм аяқталар тұста Михаил Бакаев қанжығасын майлады. Артынша Гоу дубль авторы атанды. Ал 72-минутта Леандре Тавамба да өз еншісіне бір гол жазды. Ойынның нүктесін 79-минутта Бауыржан Тұрысбек қойды. Қорытынды есеп - 5:0.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» израильдік «Маккаби» мен словениядық «Горица"» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или