Роналду матчтың үздік ойыншысы болып, ЕУРО тарихында екінші орынға шықты

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы Уэльске қарсы матчта үздік ойыншы атанды.

31 жастағы футболшы турнир тарихында бесінші рет осындай жүлдеге ие болып, 2-ші орынға көтерілді.

ЕУРО-2016 додасында ол Венгрияға қарсы ойында үздік атанған еді, екі рет 2012 жылғы Еуропа чемпионатында және бір рет 2008 жылғы ЕУРО-да үздік болған.

Ал бұл көрсеткіш бойынша көш басында Андрес Иньеста келе жатыр - 6 жүлде (2 – 2016, 3 – 2012, 1 – 2008).

3-4-ші орындарды италиялық Андреа Пирло (4 рет, 3 – 2012, 1 – 2008) мен француз Зинедин Зидан (4 рет, 2 – 2004, 2 – 2000) бөліп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или