Португалия - финалда!

Португалия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алды.

Жартылай финалда португалиялықтар Уэльс құрамасымен күш сынасқан. Матчтың бірінші таймында командалар бір-бірін барлап, көп шабуыл жасаған жоқ. Ал екінші таймда Роналду бастаған жігіттер қос доп соқты. Алдымен 50-минутта Криштианудың өзі қанжығасын майласа, араға үш минут салып, Нани есепті еселеді.

Бір қызығы, бұл Португалия құрамасының осы Еуропа чемпионатында негізгі уақыттағы алғашқы жеңісі болды.

Айта кетейік, бүгін екінші финалист анықталады. Португалияға Франция мен Германия матчының жеңімпазы қарсы тұрады.

Португалия - Уэльс - 2:0 (0:0)

Голдар: Роналду 50, Нани 53

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или