Александр Кислицын: «Астанаға» Чемпиондар лигасында жанкүйер боламын»

«Оқжетпестің» қорғаушысы Александр Кислицын ҚПЛ-дің 19-ы турындағы «Астанаға» қарсы өткен (0:1) кездесу жайлы өз пікірін айтты.

- Жақсы ойнадық, бірақ өкінішке қарай, соңғы минуттарда гол жіберіп алдық.

- «Астана» демалыстан кейін өз ойынын таба алмаған сияқты көрінді бірінші таймда...

- Білмеймін, ойын өте тартысты өрбіді. Матч аяқталуына бірнеше минуттар қалғанда елордалық ойыншылар бізді қыспаққа алып, жеңісті голды соғып кетті.

- Кабананга мен Твумасидің алаңға шығуымен қорғаныста ойнау ауырлады ма?

- Әрине, қос футболшы да мықты әрі тәжірибелі. Оларды негізі Чемпиондар лигасына сақтаған болатын. Бірақ бас бапкер Стойлов Кабананга мен Твумасиді матч соңында алаңға шығарды, нәтижесінде олар ойын тағдырын шешті.

- «Оқжетпесте» бәрі жақсы ма?

- Бәрі жақсы, ойыншылар мені жылы қарсы алды. Көп футболшыларын бұған дейін де танығанмын.

- Павлодарда өткізген уақытына көңіліңіз толмаған шығар?

- Көңілім қалды деп айта алмаймын.

- «Ертістен» алаңға сирек шығуына байланысты кеттіңіз бе?

- Иә.

- Қалай ойлайсыз, «Астана» «Жальгиристен» өте алады ма?

- «Астанаға» сәттілік тілеймін, оларға жанкүйер боламын. Бірақ «Жальгирис» те мықты ұжым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или