Теодор Василис: «Ақтөбе» кез келген жағдайда гол соғып кетуі мүмкін»

«МТК Будапешт» клубының бас бапкері Теодор Василис клубтың ресми сайтына берген сұхбатында «Ақтөбеге» қарсы ойыннан не күтетінін айтты.

«Жалпы, бірінші матчта қалай ойнағанымыз ұнады - әсіресе үзіліске дейін, бірақ екінші таймда «Ақтөбеге» еркін көсілуге мүмкіндік беріп қойдық. Қарымта матчтың алдында құрам бойынша қиындықтар бар, кей футболшылар жарақат алып қалған, бірақ жақын арада жалпы топқа оралады. Матчқа дайындыққа келер болсақ, сенбіде жігіттерге демалыс бердім, ал жексенбіде күшейтілген түрде жаттығу жасадық. Енді бейсенбіні тағатсыздана күтіп отырмыз. «МТК» өзін жақсы қырынан көрсетеді деп үміттенемін - тәртіпті, зиялы, үлкен жүректі ұжым ретінде. Әрине, келесі айналымға шығуды күтіп отырмыз, бірақ қарсыласымызды бағаламауға болмайды. «Ақтөбе» қашан да гол соғып кетуі мүмкін - клубтық рейтингіде бізден 150 сатыға жоғары тұрғаны бекер емес», - деді Василис.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде өткен бірінші матч 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта ойын 7 шілдеде Дьер қаласында өтеді. Ойын Ақтөбе уақытымен 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или