Душан Савич «Жетісудан» «Тобылға» ауысты

Бүгін қостанайлық «Тобыл» ресми түрде Душан Савичпен келісімшартқа отырды.

Сербиялық «Црвена Звезданың» түлегі қостанайлық клубпен 1,5 жылдық келісімге қол қойды.

Македониялық футболшы бұған дейін «Работнички», румыниялық «Брашов», кореялық «Инчхон Юнайтед», болгариялық «Славия», өзбекстандық «Пахтакор», украиналық «Волынь», «Говерла» және қазақстандық «Қайсар» мен «Жетісу» намысын қорғаған болатын.

Биылғы маусымда Душан Савич ел чемпионатында 19 кездесу өткізіп, 10 гол соққан болатын.

«Тобылда» Савич 20-ы нөмірмен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или