Давид Лория: «ЕУРО-ның жартылай финалына шыққан барлық командалар чемпион болуға лайық»

Давид Лория: «ЕУРО-ның жартылай финалына шыққан барлық командалар чемпион болуға лайық»

Керекулік «Ертістің» қақпашысы Давид Лория zakon.kz порталына Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты жайлы айтып берді.

— Еуропа чемпионаты өте қызық өтуде. Кейбір командалардың ойыны нағыз тосын сый болды. Испания-Италия матчы, Уэльстің ойындары маған қатты ұнады. Исландия Франциядан ұтылса да өте жоғары нәтижеге қол жеткізді.

— Қай футболшылардың ойыны сізге ұнауда?

— Қақпашылардың ойынын бақылап жүрмін. Германия-Италия кездесуінде әлемдегі екі үздік голкипердің өзара айқасын көрдік. Джанлуиджи Буффонның өнері маған бұрыннан бері ұнайды. Оның үлкен футболда жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды. Сондықтан да Италия құрамасының матчтарын жібермей көремін.

— Жартылай финалда қай командаға жанкүйер боласыз?

— Болжам жасағанды ұнатпаймын. Жартылай финалға шыққан барлық командалар чемпион болуға лайық. Еш қай құрамаға жанкүйер болмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или