Еркебұлан Тұңғышбаев: «Чукарички» қақпасына үш-төрт гол соғуға ниеттіміз»

«Ордабасының» футболшысы Еркебұлан Тұңғышбаев kazfootball.kz сайтына «Атыраумен» өткен ойын жайлы айтып берді.

— Ойын өте тартысты өрбіді. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз.

— Қазылардың жұмысына көңіліңіз толды ма?

— Ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы - үш ұпай еншіледік.

— Еуропа лигасының бірінші матчында ірі есеппен жеңілдіңіз. Қарымта кездесуге қандай мақсат қойылды?

— Ұтуға тырысамыз. 3-4 гол соғуға ниеттіміз. Ойынды овертаймға дейін жеткізіп көреміз. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

— Кеше гол соқтыңыз, жалпы биылғы маусым сіз үшін қалай өтуде?

— Менің ойыным маған аса ұнап жүрген жоқ. Бірақ маусым әлі жалғасуда. Алда көп ойындар бар, нәтижемізді жақсартамыз деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или