Еуропа лигасы. Қазақстандық клубтардың матчтарында кімдер төрелік етеді?

Футболдан Еуропа лигасында қазақстандық клубтардың қарымта матчтарында қазылық ететін төрешілер анықталды.

Алматыда өтетін «Қайрат» пен албаниялық «Теута» кездесуінде норвегиялық Даг-Видар Хавсос төрелік етеді. Оған отандастары Йон-Михаэль Кнутсен, Свейн-Инге Викен және Эспен Эскос көмектеседі.

Ал Шымкентте болатын «Ордабасы» мен сербиялық «Чукарички» ойынында солтүстік ирландиялық Рэймонд Крэнгл қызмет атқарады. Оның көмекшілері - отандастары Гарет Икин мен Эндрю Нисон.

Болгариялық Николай Йорданов «МТК Будапешт» - «Ақтөбе» матчында төрелік жасайды. Иван Валчев, Георгий Славов және Никола Попов оның көмекшілері болмақ.

Айта кетейік, бұл үш матч та бейсенбі күні, 7 шілдеде өтеді. Алматыдағы матч 20:45, Шымкенттегі ойын 18:00-де, ал Бухарест қаласында өтетін кездесу 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или