«Қайрат» Сесар Арсоны қатарына қоспақ

Испаниялық қорғаушы Сесар Арсо мансабын алматылық «Қайратта» жалғастырауы мүмкін.

Арса бұған дейін грекиялық АЕК сабында өнер көрсеткен. Бұл клубтың басшылары 30 жастағы футболшы қазақстандық клубпен келіссөз жүргізуі үшін бірнеше күн демалыс беріпті.

Novasports.gr порталының хабарлауынша, «Қайрат» Сесарға жалақысы өте жақсы үшжылдық келісім-шарт ұсынған. Ал Арсо мен АЕК арасындағы қазіргі келісім 2017 жылдың маусымына дейін жарамды. Орталық қорғаушы ертең Алматыға ұшып келіп, «Қайратпен» келісім-шартқа отырады деп күтілуде.

Айта кетейік, Сесар Арсо өз мансабында АЕК-тен бөлек, испаниялық клубтар «Вильярреал», «Рекреативо», «Мурсия», «Вальядолид» және «Сарагоса», бельгиялық «Гент», израильдік «Бейтар» клубтарында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или