Аргентиналықтар Месси үшін митингке шықты

Аргентиналықтар Месси үшін митингке шықты
<p style="text-align: justify;"> <strong>Буэнос-Айресте бірнеше жүздеген аргентиналық тұрғын ұлттық құрамасының жұлдызды шабуылшысы Лионель Мессиден өз шешімін өзгертіп, Аргентина құрамасына қайта оралуын сұрап, шеруге шықты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Футболшының жанкүйерлері құйып тұрған жауынға қарамастан, әдетте Аргентина құрамасының жеңістері тойланатын қаланың орталық алаңына жиналды. Жанкүйерлер Мессиге деген құрметтерін білдіретін ұрандар көтеріп, өлең айтты.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, 29 маусымда Буэнос-Айресте 29 жастағы футболшыға ескерткіш ашылған болатын. Аталған оқиғаға екі күн қалғанда Аргентина құрамасы Америка Кубогында пенальти сериясында 2:4 есебімен Чили командасына жол берген еді. Осыдан соң Месси ұлттық құрама сапында ешқандай жеңіске жете алмайтынын айтып, одан кететінін мәлімдеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или