Жерар Гоу қатарынан сегіз ойын бойы гол соғып келеді

Жерар Гоу қатарынан сегіз ойын бойы гол соғып келеді

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу кеше «Жетісу» қақпасына гол соқты.

Осылайша, Джерри қатарынан сегізінші ойында қанжығасын майлады. Оның мұндай сериясы 21 мамырда «Қайрат» пен «Оқжетпес» матчында басталды. Кейін ивуар шабуылшысы «Ақжайық», «Атырау», «Шахтер», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Астана» және «Жетісу» қақпаларына гол соқты.

Айта кетейік, Жерар Гоу бүгінде 13 голмен сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы ел чемпионатында Гоу қатарынан төрт матчта гол соқса, былтыр қатарынан бес кездесуде қанжығасын майлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или