Омари Тетрадзе: «Үш пенальти де әділетті, тіпті, қызыл қағаз көрсету керек еді»

«Тобыл» ФК бас бапкері Омари Тетрадзе «Ертіске» қарсы ойыннан кейін бірден тілшілер сауалына көшті, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз-қызметі.

- Шамиль Асильдаровтың ойынына тоқталсаңыз?

- Менің ойымша, Асильдаров қойған тапсырманы орындады. Әрине, оған сәл сәттілік жетіспей жатыр. Осы ойынға дейін негізгі құрамға шықты, гол соғатын мүмкіндіктері болды, дәлдік жетпей жатқан секілді. Енді осы голдан соң ол өзіне сенімділік жинайды деп үміттенемін.

2:0 есебімен ұтып тұрғанда ойын біздің жақта болды. Қарсыластар есеп айырмасын қысқартқан соң кездесу ала-құла жалғасты. Тәртіп бұзулар жиі орын алды.

Алайда біздің футболшылар жеңіске деген жігерді көрсетті. Бұл өте маңызды. Әлі де жақсы ойнағымыз келеді. Уақыт бар.

- Төрешілерге келсек, керекулік бапкер риза емес секілді...

- Бұл түсінікті жайт. Оның орнында мен болсам да солай айтар едім. Меніңше, үш пенальти де өз орнымен болды. Тіпті, Дякті шалып құлатқан кезде, ойыншыға қызыл қағаз көрсету керек болатын.Дегенмен де, төрешілерше төрелік айтатын мен емес. Басқа білетін адамдар мұнымен айналысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или