Димитар Димитров: «Мансабымдағы ең нашар төрешілік Шымкентте болып еді, бұл одан да асып кетті»

«Ертіс» ФК бас бапкері Димитар Димитров «Тобылға» қарсы ойын туралы пікір білдіруден бас тартып, тек тілшілер қойған сауалдарға жауап қатты, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз-қызметі.

- Сұрақ қойыңыздар...

- Сіздің команда ойынды ауыр бастаған сыңайлы... Ойынға бірдін ене алмағандай ма?

- Біз бұрыштамадан таза гол жібердік, ал пенальти мүлдем болған жоқ. Допты құлап барып, алып қоймақ болған футболшыға тебу көп кездеседі. Ол жерде пенальтиге итермелеген қимыл болмады деп жүз пайызға айта аламын. Содан кейін де матчты өз жағымызға бұруға тырыстық. Өздеріңіз білесіздер, біздің екі орталық қорғаушымыздың біреуі жарақат алып қалды. Амал жоқ, үзіліс уақытында оны ауыстырдық. Басқа шешім болмады. Бізде қосалқы құрамды қосқанда 17 адам ғана бар. Дегенмен, жігіттер намысқа тырысты. Оларға ризамын. Менің мансабымдағы нашар төрешілік Шымкентте болды деп ойлағанмын. Ал мындағы ойын одан да асып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или