Бундеслигадан ҚПЛ-ға. Тони Шуньич «Штутгарттан» «Қайратқа» ауысты

«Штутгарттың» босниялық легионері Тони Шуньич еркін агент ретінде алматылық «Қайратқа» ауысты.

Футболшы өз келісім-шартындағы бір пункт бойынша неміс клубы Бундеслигадан ұшып кетсе, арадағы келісімді бұзу мүмкіндігін пайдаланып, алматылықтар сабына тегін ауысты. «Қайратпен» келісім-шарт екі жылға жасалған, оның жылдық жалақы 1,5 млн еуро болмақ.

Шуньич «Штутгарттан» басқа 2014 жылы краснодарлық «Кубаньде» өнер көрсетіп, 28 матчта бір гол соққан. Ал неміс клубында босниялық ойыншы 19 ойын өткізіп, бір рет қанжығасын майлаған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или