Теодор Василис: «1:1 есебін адал ойынның нәтижесі деп білемін»

«МТК Будапешт» ФК бас бапкері Теодор Василис «Ақтөбеге» қарсы матчтан кейін ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Біріншіден, бізді жақсы қарсы алғандары үшін «Ақтөбе» ФК алғыс айтқым келеді. Тактикалық жағынан алғанда біз ойдағыдай ойнадық. Ойын өргеніне келер болсақ, «Ақтөбе» жарыстың бел ортасында жүрген команда, ал біздің ойнап жүргенімізге тек бес аптадай ғана уақыт болды. Біздің чемпионатымыз басқаша жүйеде өтеді. Мен кездесудің бірінші таймына көңілім толады. Біз гол соғып алдық. Ал екінші таймда ойын тәжірибесі жетпегендей болды, біз соңғы рет Венгрия чемпионатында екі ай бұрын ойнадық. 1:1 есебін адал ойынның нәтижесі деп білемін. Келесі кезеңге кім өтетіні әлі белгісіз

- Бүгінгі ойындарынан қарасақ, «Ақтөбе» Венгрия чемпионатында қандай орындарда жүрген болар еді?

- Алғашқы үштіктен кейінгі орыннан көрінер еді деп ойлаймын.

- Сіздің ойыңызша, пенальти әділетті болды ма?

- Мен қайталап көруім керек. Бір-бірін итерісіп жатқанда, біздің ойыншымыз Торгелло шатқаяқтап кетіп, қолмен ойнаған секілді, бірақ әдейі ойнаған жоқ.

- Есеп 1:1 болғаннан кейін, сіздердің басты мақсаттарыңыз тең есепті ұстап тұру болды ма, әлде қалай да жеңу үшін жанталастыңыздар ма? Жарақаттан сақтанып, қарымта ойынға дайындалу тактикасын ұстанған жоқсыздар ма?

- Біз қалай да жеңіске жетуді қаладық. Бірінші таймды жақсы өткіздік. Екінші таймда қарсыласымыз бізге алғы шепте көп мүмкіндік бере қоймады.

- «Ақтөбе» сапынан қандай ойыншылар сізді таңғалдырды?

- 69 нөмірде ойнаған – Никита Бочаров, №10 нөмірдегі ойыншыда мықты екен (Дидар Жалмұқан). Осы екі ойыншы өте жақсы ойнайды, оларға қарсы ойнау бізге қиын болды. Сосын сіздердің екі орталық қорғаушыларыңыз да талантты екен. Осы ойыншылар бізге ұнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или