РЕСМИ: Сергей Малый «Астана» клубына көшті
<p style="text-align: justify;">
<strong>Сергей Малый «Астана» клубымен келісім шартқа отырды. Бұл жайлы «Астана» клубының ресми сайты хабарлады. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Сергей Малый осыған дейін «Шахтермен» ел чемпионы атанып, ҚР Кубогының иегері атанған. Осы маусымда футболшы «Ертіс» құрамында ойнап, 14 ойында 2 голмен көзге түскен.</p>
<p style="text-align: justify;">
Осыған дейін 26 жастағы қорғаушының «Қайратқа» ауысатыны күтілген болатын. Дегенмен астаналық команда қорғаушыны өзінің құрамына алып үлгерді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или